Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 45 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
45-бап. Инвестициялық қор туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

1. Инвестициялық қор туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға, акционерлiк инвестициялық қор жарғысының, инвестициялық декларациясының, акциялар шығару проспектiсiнiң талаптарына және инвестициялық пай қоры ережелерiне сәйкес болуға тиiс.  

2. Инвестициялық қор туралы ақпаратта:  

1) инвестициялық қордың атауы, оның басқарушы компаниясы лицензиясының атауы, берiлген күнi және нөмiрi, инвестициялық пай қоры ережесiнiң тiркелген нөмiрi мен күнi;  

2) инвестициялық қор туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға болатын орындар туралы (мекен-жайларын және телефон нөмiрлерiн көрсете отырып) ақпарат;  

3) акциялар немесе пайлар құнының өсуi немесе төмендеуi, инвестициялаудың бұрынғы нәтижелерiнiң болашақта табыстарды айқындамайтыны, инвестицияның инвестициялық қорлардағы табыстылығына мемлекеттiң кепiлдiк бермейтiнi туралы нұсқау, сондай-ақ инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алардың алдында акционерлiк инвестициялық қордың жарғысымен, оның акциялар шығару проспектiсiмен және инвестициялық декларациясымен, инвестициялық пай қорының ережелерiмен танысу қажеттiгі туралы ескерту болуға тиiс.  

3. Инвестициялық қор және басқарушы компания туралы ақпарат дәйектемесiз немесе жаңылыстыратын мәлiметтер, сондай-ақ:  

1) басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң болашақтағы табыстылығына, соның iшiнде оның бұрынғы нақты қызметi туралы ақпаратқа негiзделген кепiлдiктер;  

2) үш жылдан астам уақыт бұрын өтiп кеткен өзге оқиғаға немесе уақыт кезеңiне қатысты басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң нәтижесiне елеулi ықпал ете алатын факторлар туралы мәлiмдеулер;  

3) басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң инвестициялық қордың таза активтерiнiң табыстылығы мен құнының нақты есебiне негiзделмеген көрсеткiштерiн салыстырулар;  

4) инвестициялардың қауiпсiздiгіне және аталған инвестицияларға байланысты ықтимал табыстар немесе шығындар мөлшерiнiң тұрақтылығына кепiлдiк беретiн болашақ инвестициялар туралы мәлiмдеулер;  

5) басқарушы компанияның басқару дағдылары немесе сипаттамалары, сондай-ақ олардың мемлекеттiк органдармен, өзге де тұлғалармен байланыстары туралы асырып көрсетiлген немесе расталмаған мәлімдеулер; 

6) қатарынан күнтізбелік он екі айдан аз кезең үшін инвестициялық қордың инвестициялық қызметінің кірістілігі туралы ақпарат болмауға тиіс. 

4. Акционерлiк инвестициялық қор, басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұны үшiн, оның iшiнде нақты емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратқаны немесе жариялағаны үшiн, сондай-ақ оны уақтылы таратпағаны немесе жарияламағаны үшiн жауапты болады.  

5. Акционерлер мен пай ұстаушыларды қор қағидаларына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату жағдайларын қоспағанда, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер, басқарушы компанияның және осы қордың бағалы қағаздары айналыста болатын қор биржасының интернет-ресурстарын қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекі) жарнама арқылы таратылмайды. 

Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
46-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның ақпарат беруi  

1. Акционерлiк инвестициялық қор, басқарушы компания және акциялар немесе пайлар иелену және (немесе) сатып алу өтiнiмдерiн қабылдау орындарындағы олардың өкiлдерi әлеуеттi инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға:  

1) акционерлiк инвестициялық қордың жарғысын, инвестициялық декларациясын, акциялар шығару проспектiсiн немесе инвестициялық пай қорының келiсiлген барлық өзгерiстерi мен толықтырулары қамтылған ережесiн;  

2) инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құны, осы мәлiметтер анықталған соңғы күнгі жағдай бойынша бiр пайдың есептiк құны туралы мәлiметтердi;  

3) акционерлiк инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының өткен қаржы жылында инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi жөнiндегi қызметiн тексеру нәтижелерiмен қоса олардың аудиторлық есептерiнен үзiндi;  

4) акционерлiк инвестициялық қордың, басқарушы компанияның, кастодианның және инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де субъектiлердiң кез келген өткен кезең үшiн инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын сыйақылары мен шығыстарының ықтимал және нақты мөлшерi туралы мәлiметтердi;  

5) басқарушы компанияға және инвестициялық қордың кастодианына олардың инвестициялық қордың активтерiн басқару, есепке алу және сақтау жөнiндегi қызметiне байланысты қолданылған санкциялар, қадағалап ден қою шаралары, әкімшілік жазалар және өзге де әсер ету шаралары туралы мәлiметтердi; 

6) акционерлiк инвестициялық қор, басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңдарында, акциялар шығару проспектiсiнде немесе қор ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес таратқан өзге де ақпаратты табыс етуге мiндеттi.  

1-1. Активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылар саны және пайдың кірістілігі туралы ақпаратты акционерлік инвестициялық қор немесе басқарушы компания уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен, нысандар бойынша және мерзімдерде береді. 

2. Инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын орналастыру мен сатып алу бағасы, бiр пайдың есептiк құнын айқындау әдiсi туралы, осы мәлiметтер айқындалған соңғы күнгi жағдай бойынша қордың таза активтерiнiң құны (соның iшiнде оны сатып алған кездегi бiр акцияға немесе бiр пайға есептегенде) туралы, акцияларды немесе пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудың басталу мен аяқталу мерзiмi, уақыты, акцияларды немесе қордың пайларын орналастыруды, сатып алуды тоқтата тұрған немесе қайта бастаған жағдайлар туралы, акцияларды немесе пайларды орналастырған және сатып алған кездегi өкiлдер туралы ақпарат әлеуеттi инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында, акциялар шығару проспектiсi мен инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының ережелерiнде көрсетiлген жағдайларда, тәртiппен және тәсiлдермен ақпарат беруге тиiс.  

3. Акцияларды немесе пайларды орналастыру және (немесе) сатып алу процесiн тоқтата тұру немесе жаңарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, акционерлiк инвестициялық қор немесе басқарушы компания мұндай шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде себептерiн көрсете отырып, бұл жөнiнде хабарлама жариялауға (таратуға) мiндеттi. 

Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-1-тарау. Венчурлік қор


Ескерту. Заң 7-1-тараумен толықтырылды – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...43 44 45 46 46‑1 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться