Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 43 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
43-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң сақталуын қамтамасыз ету

1. Инвестициялық қордың активтерiн кастодиан өз активтерiнен және оның өзге клиенттерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және сақтайды. 

2. Инвестициялық қордың активтерiн есепке алу және сақтау мақсатында, сондай-ақ қордың активтерiн сенiмгерлiк басқаруға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу үшiн кастодиан шотты инвестициялық басқаруды қордың басқарушы компаниясының жүзеге асыратынын көрсете отырып, инвестициялық қордың шоттарын ашады (жүргiзедi).  

3. Акционердiң немесе пайларды ұстаушының, басқарушы компанияның немесе кастодианның мiндеттемелерi бойынша, оның iшiнде аталған субъектiлер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, инвестициялық қордың активтерiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi.  

Инвестициялық қор акционерлерiнiң немесе пай ұстаушыларының мiндеттемелерi бойынша оларға тиесiлi акциялардан немесе пайлардан өндiрiп алынуы мүмкін.  

4. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе кастодианы банкрот деп танылған немесе жарияланған жағдайларда инвестициялық қордың активтерi мүліктік массаға қосылмайды. 

Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
44-бап. Инвестициялық қор кастодианының мiндеттерi  

Кастодиан:  

1) инвестициялық қордың акциялары мен пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізуге;  

2) басқарушы компания инвестициялық қор активтерiмен жасасқан мәмiлелердi олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды жүзеге асыруға және анықталған сәйкессіздіктер туралы: 

уәкілетті органға; 

басқарушы компанияға; 

егер бұл акционерлік инвестициялық қор болса, оның атқарушы органына; 

егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, қор биржасына дереу хабарлауға; 

3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын есепке алуды, сондай-ақ пайларды кейiнгi орналастыру немесе сатып алу кезiнде олардың құнын есептеудi жүзеге асыруға;  

4) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет басқарушы компаниямен салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;  

5) инвестициялық қордың активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыруға кастодиандық шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде жаңа кастодианға осы қор бойынша қордың активтерi мен құжаттарын беруге;  

6) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметiнде анықталған бұзушылық туралы олар байқалған кезден бастап келесi күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға;  

7) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы одан айырылған жағдайда ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының жаңа басқарушы компаниясын таңдауға не қор ережесiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруды қамтамасыз етуге не инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды жүзеге асыруға мiндеттi.  

Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. Инвестициялық қор туралы ақпаратты ашу

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Хочу знать в коктереке есть лекарь китаец вост.медицины



Здравствуйте.Соседи установили дверь в тамбур и изнутри ее закрывают,не могу попасть к себе домой.Подала в суд,медиацией дали им 14 дней на демонтаж её,приписав ст 278 ГПК РК. Если они через год поставят новую дверь,смогу ли снова подать в суд по этому поводу? Эта статья только конкретно по этому заявлению или же вообще по этому поводу? Спасибо


Добрый день Толеген Жангельдинович могу ли получить вашу консультацию?В квартире на первом этаже сделан офис бух услуги работаем удаленно соседка с 4 этажа не даёт работать пишет во все инстанции требуя вывести отдельный вход подала в суд


Саламатсызба! Менің әкем ауылдың акиматында биржа арқылы газ операторы жұмысшысы ретінде 6 ай жасап,өз еркімен жұмыстан босатылды.Енді осы 6- айға отпускной төленеме


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться