Ст. 46-6 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576
Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
46-6-бап. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт
1. Венчурлік қор немесе қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын тұлға болып табылатын шаруашылық серіктестікке қатысушылар шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт жасасуға құқылы, осы шарт бойынша олар белгілі бір түрде өз құқықтарын жүзеге асыруға және (немесе) көрсетілген құқықтарды жүзеге асырудан тартынуға (бас тартуға), оның ішінде шаруашылық серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында белгілі бір түрде дауыс беруге, дауыс беру нұсқасын шаруашылық серіктестікке басқа да қатысушылармен келісуге, үлесті немесе үлестің бір бөлігін осы шартта айқындалған баға бойынша және (немесе) белгілі бір мән-жайлар басталған кезде сатуға не белгілі бір мән-жайлар басталғанға дейін үлесті немесе үлестің бір бөлігін иеліктен шығарудан тартынуға (бас тартуға), сондай-ақ серіктестікті басқаруға, құруға, оның қызметіне, қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты өзге де әрекеттерді келісе отырып жүзеге асыруға міндеттенеді. Мұндай шарт тараптар қол қойған бір құжат жасау жолымен жазбаша нысанда жасалады. 2. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт (оның бір бөлігі немесе бөліктері):
1) шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт (оның бір бөлігі немесе бөліктері) жасалған мерзім өткен;
2) шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы бұрын жасалған шарттың (оның бір бөлігінің немесе бөліктерінің) ережелері қайшы келетін немесе шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы бұрын жасалған шартты (оның бір бөлігін немесе бөліктерін) қамтитын, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы жаңа шарт жасалған;
3) шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге мүліктен бөлек, қатысушылардың серіктестікке қаржы қарыздары бойынша талап ету құқықтары венчурлік қор болып табылатын шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым болуы мүмкін.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей