Ст. 25 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723
Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
25-бап. Соттан тыс сауда-саттық жүргiзуге қойылатын талаптар
1. Сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн мынадай рәсiмдер орындалуға тиiс:
1) сенiм бiлдiрілген тұлға жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi және кепiл берушiге табыс етеді. Хабарламаны тiкелей беру мүмкiн болмаған кезде ол кепiл берушiге оның ипотекалық шартта көрсетiлген мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен жiберiледi;
2) кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу құқығын іске асырмаған немесе кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті осы Заңның 20-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде немесе ипотекалық шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленген мерзімде, бiрақ осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес хабарлама кепiл берушiге табыс етілген немесе жөнелтілген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес мерзімде өткізбеген жағдайларда, сенiм бiлдiрілген адам кепiлге салынған мүлікті бағалауды жүргізеді және кепiлге салынған мүлiкке сауда-саттық туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл ұстаушыға және кепiл берушiге бағалау туралы есепті және кепілге салынған мүліктің сауда-саттығы туралы хабарламаны табыс етеді немесе кепіл шартында көрсетілген мекенжайы бойынша оларға тапсырысты хатпен жібереді, сондай-ақ осы Заңның 28-бабына сәйкес сауда-саттық туралы хабарландыруды ресми жариялайды;
3) сауда-саттық туралы құлақтандыру алғаш рет жарияланған сәттен бастап сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiкке қатысты барлық мәмiлелерге тыйым салынады, ал егер мәмiлелер жасалған болса, олар жарамсыз деп танылады;
4) сауда-саттық туралы құлақтандыру алғаш рет жарияланған сәт пен оның өткiзiлу сәтiне дейiн кемiнде он күн өтуге тиiс.
1-1. Кепілге салынған мүлікті бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төлеу кепіл ұстаушыға жүктеледі.
Кепілге салынған мүлікті бағалау туралы есеппен келіспеген кепіл беруші "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін бағалаушылар палатасының сараптама кеңесіне жүгіне алады не оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.
Бағалаушылар палатасының сараптама кеңесінің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті анық емес деп тануы сенім білдірілген адамның жаңа бағалауды тағайындауы үшін негіз болып табылады. Бағалаушылар палатасының сараптама кеңесі теріс қорытынды берген жағдайда, тапсырыс беруші бағалау туралы есептің сараптамасы үшін төлеген ақыны бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.
Сенім білдірілген адам алты ай ішінде кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізбеген жағдайда, оны қайта бағалау жүргізіледі.
2. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алғаннан кейiн кепiл берушi ипотеканы өткiзуге негiздердiң жоқтығы жөнiнде қуыныммен сотқа жүгiнуге хақылы.
Кепiл берушi сол сияқты осы Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген шарттарға орай ипотеканы өткiзудi кейiнге қалдыру туралы шағыммен сотқа жүгiнуге хақылы.
Қуыныммен (арызбен) сотқа жүгiну осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген мерзiмнiң өтуiн тоқтата тұрады.
Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427, 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей