Ст. 106 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
106-бап. Борышкерді үйден шығару туралы атқарушылық құжатты орындау
1. Сот шешімінсіз тұрғын үйден шығарып жіберуге жол берілмейді. Борышкерді тұрғынжайдан шығару туралы атқарушылық құжат сот орындаушысы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, тұрғынжайдан шығару – куәгерлердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен, ал кәмелетке толмаған балалары бар борышкерді, сондай-ақ оның қорғаншылығында немесе қамқоршылығында кәмелетке толмағандар бар борышкерді тұрғынжайдан шығарған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен мәжбүрлеп жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Сот орындаушысы борышкерді үйден шығару уақыты туралы хабардар етеді. Үйден шығару уақыты туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы атқарушылық құжатты орындауға кедергі болып табылмайды.
Үйден шығару атқарушылық құжатта көрсетілген үй-жайды қоныс аударушыдан (аударушылардан), оның (олардың) мүліктерінен, үй жануарларынан босатудан және қоныс аударушының (аударушылардың) босатылған үй-жайды пайдалануына тыйым салудан тұрады.
3. Үйден шығаруды жүргізу кезінде босатылатын үй-жайдан шығарылатын мүліктің тізімдемесі жасалады және қажет болған жағдайларда шыққан шығыс борышкерге жүктеліп, оны сақтау қамтамасыз етіледі. Борышкердің мүлкін сақтау екі айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады, ол аяқталған соң аталған мүлік осы Заңда белгіленген тәртіппен сатылады.
4. Борышкердің мүлкін сатудан түскен және атқару санкциясын орындау жөніндегі шығыстар өтелгеннен және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төленгеннен кейін қалған ақша борышкерге қайтарылады. Борышкер талап етпеген ақша аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотында сақталады. Үш жыл өткеннен кейін аталған ақша республикалық бюджетке аударылады.
5. Мүлік сатылмаған жағдайда ол куәгерлердің қатысуымен жойылуға жатады. Сот орындаушысы мүлікті жою туралы акт толтырып, оған өзі және куәгерлер қол қояды. Мемлекеттік сот орындаушысы жасаған актіні аумақтық орган басшысы бекітуге тиіс.
Ескерту. 106-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 130-бап. Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау тәртібі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 107-бап. Өндіріп алушыны қоныстандыру туралы атқарушылық құжатты орындау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 142-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 114-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегішығыстарды өтеу тәртібі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 105-бап. Жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдарыРекомендованные страницы
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 39-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау мерзiмдерi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 110-бап. Өндiрiп алушылардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 93-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 103-бап. Борышкер шетелге тұрғылықты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметтi өткеруге кеткен жағдайда алиментті өндіріп алуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей