Ст. 86 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
86-бап. Дебиторлық берешектен өндіріп алу
1. Дебиторлық берешектен өндіріп алу борышкердің осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешек мөлшерінде, бірақ өндіріп алынатын күнгі дебиторлық берешек көлемінен аспайтындай және сол шарттармен дебиторлық берешекті алу құқығының өндіріп алушыға ауысуынан тұрады.
2. Дебиторлық берешектен өндіріп алу:
1) өндіріп алушының келісімі болған кезде - дебитордың дебиторлық берешекті аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізуі (аударуы) арқылы;
2) өндіріп алушының келісімі болмаған немесе дебитор дебиторлық берешекті аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізбеген (аудармаған) кезде - дебиторлық берешекті сауда-саттық арқылы сату жолымен жүргізіледі.
3. Дебиторлық берешектен:
1) оны өндіріп алу үшін талап қою мерзімі өтіп кеткен;
2) дебитор Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарт жасаспаған шет мемлекетте тұратын;
3) дебитор таратылу процесінде тұрған;
4) дебитор заңды тұлға ретінде өз қызметін тоқтатқан және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен шығарып тасталған;
5) дебиторға қатысты банкроттық рәсімі енгізілген жағдайларда өндіріп алынбайды.
4. Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану үшін сот орындаушысы өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы шығарады, онда дебитордың ақшаны аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізу (аудару) тәртібі көрсетіледі.
Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы дебиторға және атқарушылық іс жүргізу тараптарына жіберіледі.
5. Сот орындаушысының қаулысы дебиторды қаулыда көрсетілген аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақша енгізу (аудару) арқылы тиісті міндеттемені орындауға міндеттейді, сондай-ақ борышкерге дебиторлық берешектің туындауына негіз болған құқықтық қатынастарды өзгертуге тыйым салады.
6. Дебитор дебиторлық берешектен өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысын алған күннен бастап дебитордың тиісті міндеттемені орындауы қаулыда көрсетілген аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақшаны енгізу (аудару) арқылы жүзеге асырылады. Дебитордың міндеттемені бұлай орындауы кредиторға тиісті орындау болып есептеледі. Дебитордың борышкерге қатысты құқықтары бұл ретте өзгермейді.
7. Дебитор сот орындаушысына және борышкерге аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақша енгізгені (аударғаны) туралы дереу хабарлауға міндетті.
Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 95-бап. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен ұстап қалу мөлшері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 80-бап. Электрондық аукцион өткізудің жалпы шарттарыРекомендованные страницы
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы ҚР Азаматтық процестік кодексі 460-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 247-бап. Бірыңғай дистрибьютор О товарных биржах Статья 13. Деятельность товарной биржи ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 194-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей