Ст. 26-3 Атом энергиясын пайдалану туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V
Атом энергиясын пайдалану туралы
26-3-бап. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қаржылық қамтамасыз ету
1. Уәкілетті органның қарамағындағы ядролық қондырғыларды қоспағанда, ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының осы Заңның 26-2-бабында белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылық шегінде қаржылық қамтамасыз етуі болуға міндетті.
Бір алаң шегінде орналастырылған бірнеше ядролық қондырғыларға қатысты ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығы ядролық қондырғылардың радиациялық қауіптілігінің неғұрлым жоғары санаты негізге алына отырып, мөлшері бір ядролық қондырғы үшін айқындалатын қаржылық қамтамасыз етумен ұсынылуы мүмкін.
2. Келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты қаржылық қамтамасыз ету тәсілдерін ядролық қондырғы операторы немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы айқындайды.
Келтірілген ядролық нұқсанды өтеген жағдайда ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қаржылық қамтамасыз ету келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандырудан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеше қамтамасыз етуден тұрады.
3. Сақтандырушыны қоса алғанда, ядролық қондырғы операторына немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторына осы Заңның 26-2-бабында белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылық шегінде қаржылық қамтамасыз ету берген заңды тұлға оны және уәкілетті органды қаржылық қамтамасыз ету тоқтатыла тұратын немесе тоқтатылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік бір жүз елу күн бұрын жазбаша нысанда хабардар етпей, біржақты тәртіппен қаржылық қамтамасыз етуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы емес.
4. Ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылықты қаржылық қамтамасыз етуінің болуын тексеру осы Заңның 7-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 26-3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Сыну исполнится 11 мая 18 лет ,учится в школе. Взяли справку до 20июня,так как сдает экзамены. ЦОН не принимает справку ввиду того что якобы законом писано 25 мая заканчивается обучение в школе, по этой причине льготы многодетной семье урезаются.
ВОПРОС ГДЕ ЛОГИКА? Он должен наверное закончить школу, чтобы пойти работать ПО ДОСТИЖЕНИИ ИМ 18-ти лет.
НАСКОЛЬКО ПРАВОМЕРНЫ ДЕЙСТВИЯ СОТРУДНИКОВ ЦОНа.
Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 58-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету Атом энергиясын пайдалану туралы 26-5-бап. Талап қоюдың ескіруі Атом энергиясын пайдалану туралы 26-7-бап. Ядролық қондырғы операторын немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторын келтірілген ядролық нұқсан үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босату тәртібі... Трансферттiк баға белгiлеу туралы 10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзетуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей