Ст. 5 Атом энергиясын пайдалану туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V
Атом энергиясын пайдалану туралы
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салу ауданы, олардың құрылысы және құрылысын болғызбау туралы шешімдер қабылдайды;
3) ядролық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму пункттерін жабу туралы шешім қабылдайды;
4) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекітеді;
7) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8-1) келтірілген ядролық нұқсан ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының осы Заңның 26-2-бабында белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылық шегінен асып түсетін бөлігінде, келтірілген ядролық нұқсан толық өтелгенге дейінгі қажетті соманы беру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда келтірілген ядролық нұқсанды өтеу үшін ақша төлеуді қамтамасыз етеді;
8-2) осы Заңның 26-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен радиациялық қауіптілігі бірінші санаттағы ядролық қондырғы операторының азаматтық-құқықтық жауаптылық шегін айқындайды;
9) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 14.05.2020 № 329-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.02.2021 № 12-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей