Ст. 7-3 Атом энергиясын пайдалану туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V
Атом энергиясын пайдалану туралы
7-3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру
1. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Уәкілетті органның лауазымды адамдары тергеп-тексеруді осы Заңға және атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.
3. Бақылау және қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде:
1) уәкілетті органның лауазымды адамына немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға болуы туралы талап бақылау және қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнаулы киім мен жеке қорғану құралдарын беруді;
2) тергеп-тексеруге жататын құжаттарды және (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды, жазбаша және (немесе) ауызша нысанда түсіндірмелер ұсынуды;
3) зерттеп-қарау, қарап-тексеру жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндікті;
4) уәкілетті органның лауазымды адамдарының, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексерудің нысанасына жататын объектінің аумағына (әкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға және басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері анықталады, тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.
5. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, онда сонымен қатар анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Бақылау және қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
6. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі өзіне тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
7. Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектісі анықталған жағдайда адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
8. Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілген жағдайда немесе оларды жою мерзімдері өткеннен кейін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
9. Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тәртібінің сақталмауы тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту және нәтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тануға және (немесе) олардың күшін жоюға негіз болып табылады.
10. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары уәкілетті органның интернет-ресурсында тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жарияланады.
11. Тергеп-тексерудің нәтижелері туралы актіге шағым жасау актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 7-3-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2-бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы Коммерциялық емес ұйымдар туралы 30-бап. Трансферттiк баға белгiлеу туралы 5-1-бап. Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш Атом энергиясын пайдалану туралы 7-1-бап. Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеруді жүзеге асыру...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей