Ст. 21 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы
Бiлiм туралы
21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары
1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары "бакалавр" дәрежесін немесе "маман" біліктілігін бере отырып, экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған. "Бакалавр" дәрежесі беріліп немесе "маман" біліктілігін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтаған адамдар өздері үшін біліктілік талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарға орналаса алады.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары міндетті құрауыштың және таңдау бойынша құрауыштың пәндерін қамтиды.
Білім алушы таңдау бойынша құрауыш шеңберінде жеке оқыту траекториясын айқындау кезінде:
1) негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді;
2) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдай алады.
Негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша пәндерді меңгерудің тәртібі мен көлемі кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында белгіленеді.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында айқындалады.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
5. Дәрігер кадрларды даярлау үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, бакалавриатты, интернатураны және магистратураны қамтиды.
Үздіксіз интеграцияланған білім беру шеңберінде интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру "дәрігер" біліктілігін алудың міндетті шарты болып табылады.
Интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 WhatsApp, онлайн/офлайн, выезд в регионы, консультации
Арман
Александр
michaelbates
Erik
у меня был евразийский. ходили в офис и писали на возврат. они были в шоке, обычно никто не просит, обычно возвращают если умер владелец, но вы же живы менеджер говорит , показала пункт в договоре они ходили долго совещались, походу сами не читали его никогда. писали заявление в 2-х экземплярах, один забрали с отметкой что они приняли и указали пункт в договоре страхования о том что имеем право запросить разницу при условии досрочного гашения авто кредита, и то оказывается мы должны были за месяц предупредить что хоти досрочно закрыть кредит. справку взяли в банка что не должны им. так что прочитайте договор страхования.
Можете по номеру ватзапа написать, отвечу по нормативу + 777 229 6443
доброе утро. Как можно вернуть сумму страхования номад лайф . Оформиои при получение автокредитования
Добрый день.
какая нагрузка на грузчиков в производственных предприятиях установлено в ТК РК? существуют ли какие-то нормативы?
Тараз,Валерий, в п 5 ст 590 ни слова не сказано об отражающем жилете,и как это может влиять на безопасность движения, прокомментируйте пожалуста
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей