Ст. 43 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы
Бiлiм туралы
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады. 2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді.
3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар:
1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;
2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;
2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін:
алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы;
алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар ету;
2-3) білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру;
2-4) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2-5) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе бiлiм беру қызметiмен айналысуға берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;
4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын енгізу;
5) ұлттық бірыңғай тестілеуді қоспағанда, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу;
5-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, "орта буын маманы", "қолданбалы бакалавр" біліктіліктерін беру;
6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогтердің міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;
10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;
11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету;
11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
11-2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
11-3) балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған, байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету;
11-4) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді беруді қамтамасыз ету;
12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;
13-1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасау;
14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;
16) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
17) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады.
4. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;
2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;
5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;
7) имандылық-рухани даму саласында педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
6-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.
6-2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеп-қарау және консультация беру бағдарламаларын іске асырады.
6-3. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен оңалту орталықтары түзеу-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
7. Осы бапта көрсетілген нормалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей