Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 49 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.10.2024

Бiлiм туралы
49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің: 

1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға; 

2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға; 

3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға; 

4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға; 

5) балаларының шарттық негізде қосымша көрсетілетін қызметтер алуына; 

6) баланың оқу жетістіктерінің ағымдағы бағаларына және үй тапсырмаларына тегін электрондық қолжетімділікті алуына құқығы бар. 

2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер: 

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге; 

1-1) балалардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануын, сондай-ақ балалардың өз денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарға кіруін бақылауды жүзеге асыруға; 

2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге; 

3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға; 

4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге; 

5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға; 

7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті. 

3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдерге кеткен балаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында немесе негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мектептерде олардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 

4. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) басқа білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен, сондай-ақ академиялық кредиттер түрінде және (немесе) басқа білім беру ұйымында оқуды жалғастыру үшін меңгерген оқыту нәтижелерін (модульдерін), оқу бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ есебіне жаза отырып жүзеге асырылады. 

Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің мәртебесі


Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...48 48‑1 49 50 51 ...68

Перейти к статье
Коментарии пользователей

Салеметсіз бе.Сұрағым бар еді.Егер кішкентай бала 2 жарым жастағы бала азанғы 6:45 те жыласа до 7:00 ге дейін.Себептен себепсіз ештеңеге көнбей.И көрші үйдің адамы стена ұрып жатса.Бала көнбей жатыр ештеңеге.Сондай кезде не істеуге болады.Өзім жүктімін.Сол көрші үйдегі адам үшін күйеуіммен ұрсысып қалдық.

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться