Ст. 13 Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу
Республикалық, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердi, шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
Қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүргiзiледi.
Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу үшiн ол құрылған күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға өтiнiш берiледi. Өтiнiшке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бiрлестiктi құру бастамашылары туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алымның төленгенiн растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу туралы өтiнiш беру үшiн белгiленiп, дәлелдi себептермен өткiзiп алынған мерзiмдi тiркеудi жүзеге асыратын орган қалпына келтiредi.
Заңдарда көзделген реттерде қоғамдық бiрлестiк қайта тiркелуге тиiс.
Қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу және қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алым алынады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.03.23 N 39, 2001.12.24 N 276 Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 27-бап. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының ... Об оценочной деятельности в Республике Казахстан Статья 15. Обязанности оценщика Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 10-бап. Тiркеу алымын төлеу Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 58. Наложение административных взысканий при совершении нескольких административных правонарушений Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 25-бап. Құтқарушылардың жұмыс (қызмет) және демалыс режимiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей