Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 2 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) айрықша құқық - патент иесiнiң селекциялық жетiстiктi өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы;

2) алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) асыл тұқымды жануар – Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды жануар;

4) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;

5) Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - өсiмдiк сорттарының патентке қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және оны сынақтан өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйым;

6) бюллетень - селекциялық жетiстiктердi қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;

7) лицензиялық шарт - патент иесi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) селекциялық жетiстiктi белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беретiн шарт;

8) мемлекеттiк комиссиялар - агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның Ауылшаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы;

9) отырғызылатын материал - репродукциялық және вегетациялық түрде көбейетiн материалды қоса алғанда, кез келген түрдегi отырғызылатын материал (тұқым, көшет, өсiмдiктер және өсiмдiктердiң оларды көбейтуге арналған бөлiктерi);

10) өтiнiш берушi - селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм берген жеке немесе заңды тұлға;

11) патент иеленушi - патенттiң иесi;

12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;

13) селекциялық жетістік – адамның зияткерлік шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сұрпы, жануардың жаңа тұқымы (аң шаруашылығы, қоян шаруашылығы, марал шаруашылығы, қашыр шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, есек шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы, ит шаруашылығы сияқты мал шаруашылығының қосымша салаларын қоса алғанда);

14) селекциялық жетiстiк авторы (селекционер) (бұдан әрi - автор) - сортты, тұқымды жасаған, тапқан немесе өсiрiп шығарған жеке адам;

15) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттiк тiзiлiмi;

16) Селекциялық жетiстiктердiң пайдалануға ұсынылатын мемлекеттiк тiзiлiмi - пайдалануға ұсынылатын, өндiрiсте шаруашылыққа пайдалану үшiн ұсынылатын сортты, тұқымды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi;

17) сұрып – аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады;

18) тауарлық жануар - тауарлық өнiм өндiру үшiн пайдаланылатын жануар;

19) тұқым - белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық қызметiнiң әсерiмен қалыптасқан, "өз iшiнде" өсiп-өнуi үшiн саны жеткiлiктi және шаруашылық және асыл тұқымдық құндылыққа ие, iрiктеу, таңдау, олардың генотипiне сай келетiн технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйi сақталатын, сондай-ақ оны бiр түрдегi басқа тұқымдардан ерекшелейтiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық жағынан пайдалы қасиеттерiнде белгiлi бiр ерекшелiгi бар жалпы шығу тегi ортақ ауыл шаруашылық жануарларының бiр түрiнiң тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс, желi болып табылады;

20) Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - жануарлар тұқымдарының патентке қабiлеттiлiгiне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның консультативтiк-кеңесшi органы;

21) ұрық (тұқым) - тұқымдық материалдың барлық ботаникалық нысандары: тұқымның өзi, жемiстер, дән шоғыры, күрделi жемiстердiң бөлiктерi, баданалар мен түйнектер;

22) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.03.02 № 237, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 3‑1 ...29

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?


Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться