Ст. 22 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер: 1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;
2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;
3) iндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;
4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердi негіздеу және ғылыми ұсынымдарды әзірлеу;
6) биологиялық саналуандылықты сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi шараларды негiздеу;
7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзірлеу;
8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
3. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекiтiлiп берiлген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде жылдың кез-келген уақытында және рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесi объектілерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын – уәкілетті орган бекiткен аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті шегінде аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейді.
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 72-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Өрт қауiпсiздiгi туралы 9-2-бап. <*> Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 46-2-бап. Венчурлік қордың жарғысы Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 46-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 488. Нарушение законодательства Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собранийРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей