Ст. 10 Әскери полиция органдары туралы 2023 жылғы 14 наурыздағы № 205-VII
Әскери полиция органдары туралы
10-бап. Дене күшін, арнаулы құралдар мен қаруды қолдану шарттары мен шегі
1. Әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қаруды, арнаулы құралдарды алып жүруге, сақтауға және қолдануға, сондай-ақ дене күшін қолдануға құқығы бар. 2. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілері арнаулы даярлықтан, сондай-ақ дене күшін, арнаулы құралдарды, қаруды қолдануға байланысты іс-қимылдарға жарамдылығы тұрғысынан мерзімді тексеруден өтуге міндетті.
3. Әскери полиция органдарының әскери қызметшісі дене күшін, арнаулы құралдарды, қаруды қолдану кезінде:
1) дене күшін, арнаулы құралдарды, қаруды қолдануды кешеуілдету жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, өзге де ауыр салдарға алып келуі мүмкін немесе қалыптасқан жағдайда мұндай ескерту орынсыз немесе мүмкін емес болып табылған жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дене күшін, арнаулы құралдарды немесе қаруды қолдану ниеті туралы ескертуге, бұл ретте оларды қолдану көзделетін адамдарға өз талаптарын орындау үшін жеткілікті уақыт беруге;
2) оларды қолдану нәтижесінде дене жарақаттарын алған жеке тұлғаларға алғашқы көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауға;
3) оларды қолданудың әрбір фактісі туралы тікелей бастығына дереу баяндауға міндетті.
4. Әскери полиция органдарының әскери қызметшісі адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр салдарға алып келген дене күшін, арнаулы құралдарды, қаруды қолданған әрбір жағдай туралы әскери прокурорға дереу хабарланады.
5. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілері, егер олардың әрекеттері әскери қызметшілерге, басқа да жеке тұлғаларға, күзетілетін объектілерге немесе әскери полиция органдары әскери қызметшісінің өзіне қол сұғу сипаты мен қауіптілік дәрежесіне сәйкес келсе, дене күшін, арнаулы құралдарды, қаруды қолдануға байланысты келтірілген моральдық, мүліктік және физикалық зиян үшін жауапты болмайды.
Әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің дене күшін, арнаулы құралдар мен қаруды өкілеттіктерін асыра пайдаланып қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей