Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Әскери полиция органдары туралы 2023 жылғы 14 наурыздағы № 205-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Әскери полиция органдары туралы
7-бап. Әскери полиция органдарының өкілеттіктері

1. Әскери полиция органдары: 

1) әскери қызметшілердің және басқа да жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға; 

2) әскери қызметшілердің құқықтық тәрбиесіне қатысуға және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыруға; 

3) әскери қызметшілер арасында әскери тәртіпті қамтамасыз етуде әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығына жәрдем көрсетуге; 

4) патрульдік-бекеттік қызметті (патрульдеуді) жүзеге асыруға; 

5) әскери бөлімдер (мекемелер) мен әскери қалашықтар аумағында әскери қызметшілер және жеке тұлғалар құқық бұзушылық жасаған кезде құқық бұзушылықты тоқтатуды қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға; 

6) әскери қызметшілер жасаған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ гарнизондарда, әскери бөлімдерде (мекемелерде) болған оқиғалар туралы ақпаратты талдауға; 

7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, оны жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға; 

8) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге және ашуға, оны жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтауға, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға; 

9) әскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен, қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда әскери қызметшілерді іздестіруді жүзеге асыруға; 

10) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасайтын әскери қызметшілерді және жеке тұлғаларды, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген айыпталушыларды немесе сотталушыларды, сондай-ақ әскери тәртіпті бұзатын әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға; 

11) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың тапсырмаларын Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен орындауға; 

12) төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимін, терроризмге қарсы операцияны, аумақтық қорғаныс және төтенше ахуалды жою іс-шараларын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қатысуға; 

13) әскерлер қатысатын бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; 

14) құқыққа қарсы қолсұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз не денсаулығы мен өміріне қауіпті өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетуге; 

15) ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштердің, Ұлттық ұланның көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын сақтауына, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға; 

16) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға; 

17) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді жүзеге асыруға; 

18) ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан көлік құралдарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған жерде кезек күттірмейтін іс-қимылдарды жүзеге асыруға, адамдарды құтқару және оларға кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жөніндегі шараларды қабылдауға, бүлінген көлік құралдарын эвакуациялауда, сондай-ақ әскери мүлікті күзетуде жәрдемдесуге; 

19) әскери қызметшілерді гауптвахталарда және уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға және күзетуге; 

20) гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзетуді және гауптвахтадан тыс жерде алып жүруді (айдауылмен алып жүруді) қамтамасыз етуге; 

21) әскери қызметшілер жасаған тәртіптік теріс қылық туралы материалдарды Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тәртіптік жарғысына сәйкес әскери бөлімдердің (мекемелердің) тиісті командирлерінің (бастықтарының) қарауына беруге; 

22) өз қызметін жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеуге; 

23) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 

2. Әскери полиция органдары: 

1) әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарының (жұмыскерлер) қызметтік міндеттерін орындауы немесе әскери бөлімдер (мекемелер) орналасқан жерлерде болуы кезінде олардан қоғамдық тәртіпті сақтауды, құқыққа қарсы әрекеттерді және әскери полиция органдарының міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға кедергі келтіретін әрекеттерді тоқтатуды, сондай-ақ әскери қызметшілердің әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауын талап етуге; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен:  

әскери қызметшілердің жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың әскери қызметке тиесілігін және әскери қызмет орнынан тыс жерде болу заңдылығын айқындайтын басқа да құжаттарын; 

әскери бөлімдердің (мекемелердің), жабық және оқшауланған әскери қалашықтар мен өзге де әскери объектілердің аумағындағы жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың көрсетілген орындарда болуының заңдылығын растайтын басқа да құжаттарын тексеруге; 

3) әскери қызметшілерді және азаматтық персонал адамдарын (жұмыскерлерді) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін айқындау тұрғысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда медициналық куәландыруға жіберуге; 

4) тиісінше қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды, себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсыну енгізуге; 

5) кезек күттірмейтін жағдайларда байланыс құралдарын олардың тұрған жеріне және тиесілігіне қарамастан (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің байланыс құралдарынан басқа) қызметтік мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ өзге мүмкіндіктер болмаған кезде әскери көлікті оқиға болған жерге жету, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әскери қызметшілер мен өзге де адамдарды, егер кешеуілдету олардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіретін болса, медициналық ұйымдарға жеткізу үшін пайдалануға; 

6) әскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын қаруымен өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіру және ұстау жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен келісу бойынша бақылау-өткізу пункттерін орнатуға; 

7) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін мән-жайлар кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша көшелердің, автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде және басқа да аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруін шектеуге немесе оған тыйым салуға; 

8) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың көлік құралдары колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге және осы колонналар өтетін уақытта жолдар мен көшелердегі жол жүрісін реттеуді жүзеге асыруға; 

9) ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қарулы Күштердің, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау іс-шараларын және профилактикалық іс-шаралардың орындалуын тексеруге; 

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көлік құралдарын тоқтатуға, жете тексеруге, сондай-ақ тоқтатып кідіртуге, мұндай тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін ақаулар мен жағдайлар болған кезде оларды пайдалануға тыйым салуға; тораптарының және агрегаттарының нөмірлері жасырын, қолдан жасалған, өзгертілген не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасанды немесе қолдан жасалған көлік құралдарын, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде оларды пайдалануға тыйым салуға; масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер бар адамдарды көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге және оларды масаң күйін медициналық куәландыруға жіберуге құқылы, бұл ретте: 

Қарулы Күштердің әскери полиция органдарының өкілеттіктері – Қарулы Күштердің көлік құралдарына және оларды басқаратын адамдарға;  

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының өкілеттіктері – ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарына және оларды басқаратын адамдарға; 

Ұлттық ұланның әскери полиция органдарының өкілеттіктері Ұлттық ұланның көлік құралдарына және оларды басқаратын адамдарға қолданылады; 

11) әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери қызметшілердің және азаматтық персонал адамдарының (жұмыскерлердің) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеруге; 

12) әскери полиция органдары күзететін объектілерде:  

жеке тұлғалар объектілерге кірген және олардан шыққан кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, өздерімен алып жүретін заттарын тексеруді жүзеге асыруға; 

өткізу және объектішілік режимдердің сақталуын талап етуге; 

алып кіруге (әкелуге), алып шығуға (әкетуге) шектеу қойылған құжаттарды, нәрселерді, заттарды, бұйымдар мен заттектерді табу және алып қою үшін техникалық құралдарды пайдалануға; 

13) әскерлер қатысатын бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарына кіру кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын және тасымалданатын жүктерді жете тексеруді, оның ішінде техникалық құралдар мен қызметтік иттерді пайдалана отырып, жүргізуге; 

14) құқық бұзушылықтың жасалу фактілерін, сондай-ақ әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды қызметтік міндеттерін атқару кезінде пайдалануға; 

15) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

3. Қарулы Күштердің әскери полиция органдары сондай-ақ: 

1) тәуліктік наряд қызметінің, ішкі және гарнизондық қызметтердің, диверсияға қарсы қауіпсіздіктің, терроризмге қарсы қорғалудың ұйымдастырылуына, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері (мекемелері) күзетінің техникалық құралдарының пайдаланылуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға; 

2) Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға; 

3) кинологиялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...18

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться