Ст. 18 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
18-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғау аймақтары
1. Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң айналасында және олардың шекараларында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде, бұл аймақтар шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерi мен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгiленедi. 2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғалу аймақтарының аумағында табиғат пайдаланудың мөлшерi, шекарасы, режим түрлерi және тәртiбi оларды құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiмен айқындалып, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешiмдерiмен айқындалады.
Бұл орайда меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгiленетiн және жер бетiнде арнайы белгiлер қойылатын қорғау аймағының енi екi километрден кем болмауға тиiс.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей