Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау

1. Қоршаған ортаға зиянды әсерлердiң алдын алу және оларды жою мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету және қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі мүмкін. 

2. Күзету жөніндегі іс-шаралар: 

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның iшiнде жер және әуе көлiгiн қолданып қарауылдауды; 

2) өрттердiң алдын алуды, оларды байқауды және сөндiрудi; 

3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетудi қамтиды. 

3. Қорғау жөніндегі іс-шаралар: 

1) судың зиянды әсерiнiң алдын алуды және жоюды; 

2) өсiмдiктердi қорғауды, зиянды жәндiктер мен орман аурулары ошақтарын дер кезiнде анықтауды және оларға қарсы күресудi, санитарлық және басқа мақсаттарда ағаш кесудi (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезiнде орманды тазарту); 

3) iндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингтi қамтамасыз етудi, жануарлар санын реттеудi; 

4) жердi эрозиядан қорғауды қамтиды. 

4. Өрттердiң алдын алу, оларды байқау және сөндiру Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүргiзiледi. 

5. Қорғау жөніндегі іс-шаралар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы күзет режимiнiң түрi ескеріле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде және қарамағында осы аумақтар бар орталық немесе жергілікті атқарушы органдармен немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу бойынша жүргiзiледi. 

Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 118-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...27‑1 28 29 30 31 ...85

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться