Ст. 33 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
33-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары
1. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының өз аумағы мен күзет аймақтарының шекарасында: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына берiлген рұқсатты тексеруге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға;
3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған кезде мемлекеттік қадағалау тәртібімен жедел ден қою шараларын қабылдауға немесе жедел ден қою шараларын қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметiн тоқтату немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу салдарынан келтiрiлген шығынның мөлшерiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы шығынды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттiк инспекторлардың актiлер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберуге;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлiк және суда жүзу құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргiзуге;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнiмдi және оны олжалау құралын, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қоюға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен арнайы құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге;
12) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.
2. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
3. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз), арнайы құралдармен және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
4. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары өз құзыретiне сәйкес мынадай актiлер:
1) тексеру өткiзу нәтижелерi бойынша акт;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым;
4) мынадай:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершілікке тарту туралы;
сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн атыс қаруын, олжалау құралдарын, заңсыз олжаланған өнiмдi, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қою туралы қаулылар жасайды.
Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 57-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi пайдалану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы 13-бап. Шағымды қарау Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 45-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағын аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 19-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдалануРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей