Ст. 35 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
35-бап. Табиғат қорғау мекемелерiн дамыту және күтiп ұстау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
Iс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерiн басқару жоспарларына сәйкес табиғат қорғау мекемелерiн дамыту мен күтіп-ұстауға олардың санатына қарай бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға: 1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезiнде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшiн жерлердi резервте қалдыру кезiнде жер учаскесiн алып қоюға байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу жөнiндегi залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн жүргiзуге;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының жер бөлудің жерге орналастыру жобасын жасау және шекарасын нақтылы жерiнде бөлу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
6) әкiмшiлiк-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристiк және рекреациялық мақсаттағы объектiлер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;
7) штат санын ұстауға;
8) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзетуге, қорғауға және қалпына келтiруге;
9) экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристiк және рекреациялық қызмет жүргiзуге;
10) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында және мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салуға жұмсалады.
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей