Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 48 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының режимi

1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында: 

1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге; 

2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге; 

3) осы Заңның 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге; 

4) аң аулауға; 

5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге; 

6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға); 

7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға; 

8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады. 

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін: 

1) орман шаруашылығы қызметі; 

2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет; 

3) туристік және рекреациялық қызмет; 

4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану; 

5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру; 

6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу; 

7) бүлінген жерді қалпына келтіру; 

8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру; 

9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру; 

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану. 

3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс. 

4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді. 

Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...46‑1 47 48 49 50 ...85

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться