Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 69 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
69-бап. Мемлекеттiк табиғи қаумалдарды күзету режимiмен оларды пайдаланудың ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк табиғи қаумалдарда мынадай қызметке: 

1) кешендi мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - табиғи кешендердi сақтауға қатер төндiретiн шаруашылық қызметке, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiруге; 

2) зоологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда – уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға; 

3) ботаникалық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - мал жаюға, шөп шабуға, ағаш кесудiң барлық түрлерiне, гүлдер теруге, өсiмдiктердiң тамырларын, түйнектерiн және жуашығын қазып алуға, от жағуға, көлiк құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келiп кiруiне және жүруiне, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiруге, сол сияқты өсiмдiктердiң бүлiнуiн және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге; 

4) гидрогеологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - тас, қиыршық тас, құм және басқа да пайдалы қазбалар өндiруге, үңгiрлердi бүлдiруге, жер қазу жұмыстарын жүргiзуге, табиғи гидрологиялық режимдi өзгертетiн әрекеттерге, мемлекеттiк табиғи қаумалдың табиғи құрама бөлiктерiн бүлдiруге немесе қиратуға байланысты iзденiстер мен ғылыми зерттеулерге тыйым салынады. 

1-1. Кешенді мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң аулауға және балық аулауға биологиялық негіздеме негізінде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтін, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың жол берілетін көлемі шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат етеді. 

1-2. Зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда белгіленген режимді сақтай отырып, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу, мал жаю) және бал ара шаруашылығына рұқсат етіледі. 

2. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар режимiнiң ерекшелiктерi паспортпен айқындалады. 

3. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар ғылыми, экологиялық-ағарту, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн. 

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар белгiленген шектеулердi сақтай отырып, мемлекеттiк табиғи қаумалдарда шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқылы. 

Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚОРЫҚ АЙМАҚТАРЫ
Статья 1 ...67 68 69 70 71 ...85

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться