Ст. 75 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
75-бап. Сулы-батпақты алқаптар
1. Өсімдіктер мен жануарлардың халықаралық және республикалық ресурс болып табылатын, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, өсімдік түрлерінің (кіші түрлерінің) немесе су маңындағы жануарлардың, ең алдымен қоныс аударатын суда жүзетін құстардың едәуір жиынтығының резерваттары қызметін атқаратын теңіз акваторияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және жасанды су айдындары сулы-батпақты алқаптар болып табылады. 2. Сулы-батпақты алқаптар өз мәні бойынша халықаралық маңызы бар және республикалық маңызы бар болып бөлінеді. Олар қолданыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізілуі мүмкін не олардың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылуы мүмкін.
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қалыптастырылады.
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар мен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
3. Сулы-батпақты алқаптарда суда жүзетін құстар мекендейтін жерлерді күзетуді және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қорықтық және (немесе) тапсырыстық режимдер не шаруашылық қызметтің реттеліп отыратын режимі белгіленеді.
4. Сулы-батпақты алқаптарда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, жануарлар дүниесінің түрлерін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган оларды дамыту жоспарларын бекітеді.
Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 26-бап. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің жеке қауіпсіздігінің кепілдіктері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы 18-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, олардың лауазымды адам... Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 67-бап. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар ұғымы және олардың түрлерi Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 50-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттар ұғымы, негiзгiқызметi және оларды аймақтарға бөлу Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей