Ст. 1 Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ
Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
2) жабайы жануарлар – жабайы табиғат табиғи мекендеу ортасы болып табылатын, оның ішінде еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар;
3) жануарға қатыгездікпен қарау – жануардың өліміне, мертігуіне немесе оның саулығына өзге де зиян келуіне алып келген немесе алып келуі мүмкін қасақана іс-әрекет;
4) жануарды эвтаназиялау (бұдан әрі – эвтаназиялау) – жануардың ауырсынуын және физикалық қиналуын болғызбай оны дәрі-дәрмекпен жансыздандыру;
5) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
6) жануарлар – омыртқалы жануарлар;
7) жануарларға арналған оңалту орталығы – жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға не табиғи мекендеу ортасына қайтарылуға жататын немесе жатпайтын, тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған, табиғи жағдайларда тіршілік ете алмайтын жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) шектеулі қабылдауға, емдеуге, уақытша ұстауға, оңалтуға және бейімдеуге арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
8) жануарларға арналған панажай – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
9) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектор (бұдан әрі – қоғамдық инспектор) – жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу қағидаларына сәйкес жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
10) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган – жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
12) жануарлардың төбелесі – жануарларды бір-біріне айтақтау нәтижесінде не олардың тұқымдық сипаттамалары салдарынан, жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның айқастың алдын алу немесе тоқтату жөніндегі шараларды әдейі қабылдамауы кезінде туындаған екі және одан көп жануардың айқасы;
13) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;
14) жылжымалы хайуанаттар бағы – жануарларды ұстау және тасымалдау арқылы ғылыми маңызы жоқ цирк, эстрада, ойын-сауық қызметінде жануарларды көпшілікке демонстрациялау үшін пайдаланылатын арнайы жабдықталған жылжымалы конструкциялар, оның ішінде торлар;
15) зоологиялық жатынжай – дара кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға құрған, жануарлардың иелерімен келісу бойынша үй жануарларын (компаньон-жануарларды) уақытша ұстауға немесе ұстай тұруға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
16) зоологиялық питомник – дара кәсіпкер, мемлекеттік не мемлекеттік емес заңды тұлға құрған, асыл тұқымдық құндылығы бар немесе арнаулы мақсаттағы жануарларды ұстау және өсіру үшін әдейі жабдықталған және соған арналған мүліктік кешен;
17) контактілі зоопарк – жануарларды көпшілікке демонстрациялау және келушілерге физикалық контакт беру мақсатында оларды ұстау үшін пайдаланылатын арнайы жабдықталған құрылысжайлар, үй-жайлар, көлік, торлар, қоршаулар және басқа да конструкциялар;
18) қаңғыбас жануарлар – иесі жоқ иттер мен мысықтар;
19) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар;
20) қызметтік жануарлар – іздеу, күзету, патрульдік-бекеттік, қорғау-қарауыл, іздестіру-құтқару мақсаттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де қызметтік мақсаттарда арнайы даярланған және пайдаланылатын (қолданылатын) жануарлар;
21) мертігу – Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, қандай да бір ағзаның функциясын толық немесе ішінара жоғалтуға, сондай-ақ жануардың анатомиялық тұтастығын бұзуға алып келген, жануардың саулығына келтірілген ауыр зиян;
22) стерилизациялау – жануарды хирургиялық, дәрі-дәрмекпен не өзге тәсілдермен ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру;
23) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері;
24) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;
25) үй жануарларын есепке алу – үй жануарына жеке нөмір берілгені, тұрғылықты жері көрсетілген оның иесі және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтерді міндетті тіркеу;
26) үй жануарларын есепке алу бұйымдары (құралдары) – үй жануарларын есепке алу үшін пайдаланылатын болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
27) үй жануарларын серуендету – жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері;
28) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі – үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;
29) эксперименттік (зертханалық) жануарлар – ғылыми зерттеулер, биологиялық тестілеу, оқу процесін жүргізу үшін, медициналық мақсаттарда, сондай-ақ биомедициналық препараттар алу үшін өсірілетін, ұсталатын және пайдаланылатын жануарлар.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Читать еще раз
Органикалық өнім өндіру туралы 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің органикалық өнім өндіру саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 3-бап. Жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту Органикалық өнім өндіру туралы 4-бап. Органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 4-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы 9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы құзыретіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей