Ст. 31 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427
Қазақстан Республикасының Патент Заңы
31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша патенттi күшiнде ұстап тұру үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi өткен күннен бастап үш жыл iшiнде, қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Қалпына келтіру туралы өтінішхатқа патенттің қолданылуын қалпына келтiруге құжаттарды дайындағаны үшін және төлем мерзімі өтіп кеткен қолданылу кезеңінде оны күшінде ұстап тұру үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
Сараптама ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхат берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтерді бюллетеньде жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады.
2. Патенттiң қолданылуы тоқтатылған күн мен қалпына келтiрiлген күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында патентпен қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана бастаған немесе оған қажеттi дайындық жасаған кез келген адам оны одан әрi осындай пайдаланудың көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын сақтап қалады (соңынан пайдалану құқығы).
Соңынан пайдалану құқығы басқа адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану орын алған немесе оған қажеттi дайындық жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және
патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының Патент Заңы 29-бап. Қорғау құжатына дау айту Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 24-бап. Тексерулерді ресімдеу тәртібі Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы 13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту және ол... Қазақстан Республикасының Патент Заңы 36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей