Ст. 5 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427
Қазақстан Республикасының Патент Заңы
5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау
1. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады.
2. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтiнiмге жүргiзiлген сараптаманың нәтижесi бойынша берiледi.
Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.
Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
3. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бiрақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады.
Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
4. Өнертабыс пен пайдалы модельге патентпен берiлетiн құқықтық қорғау көлемi – олардың формуласымен, ал өнеркәсiптiк үлгiге патентпен берiлетiн құқықтық қорғау көлемi бұйымның сыртқы түрінің кескiндерiнде көрсетілген оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен айқындалады. Өнертабыстың, пайдалы модельдің формуласына түсiнiк беру үшiн сипаттама мен сызбалар пайдаланылуы мүмкiн.
Өнiмдер алу әдiсiне берiлген қорғау құжатының күшi тiкелей осы әдiспен алынған өнiмге де қолданылады.
Егер өзгеше дәлелденбесе, бұл орайда жаңа өнiм қорғау әдiсiмен алынған болып есептеледi.
5. Қорғау құжатын алу құқығы, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, қорғау құжатын иелену құқығы және қорғау құжатынан туындайтын құқықтар тұтас немесе iшiнара басқа адамға берiлуi мүмкiн.
6. Мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне осы Заңға сәйкес құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 586, 2007.03.02 N 237, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке
қабілеттілігінің талаптары
Лучшие юристы





Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Сыну исполнится 11 мая 18 лет ,учится в школе. Взяли справку до 20июня,так как сдает экзамены. ЦОН не принимает справку ввиду того что якобы законом писано 25 мая заканчивается обучение в школе, по этой причине льготы многодетной семье урезаются.
ВОПРОС ГДЕ ЛОГИКА? Он должен наверное закончить школу, чтобы пойти работать ПО ДОСТИЖЕНИИ ИМ 18-ти лет.
НАСКОЛЬКО ПРАВОМЕРНЫ ДЕЙСТВИЯ СОТРУДНИКОВ ЦОНа.
Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 8-бап. Ішкі бақылау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы 6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы 9-бап. Ескерту Жедел-iздестiру қызметi туралы 9-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы 2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей