Ст. 8 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427
Қазақстан Республикасының Патент Заңы
8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк талаптары
1. Бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын өнеркәсіптік немесе қолөнер кәсібі өндірісі бұйымының көркем-конструкторлық шешiмі өнеркәсiптiк үлгiге жатады. Өнеркәсiптiк үлгiге, егер ол жаңа, бiрегей болып табылса, құқықтық қорғау берiледi. Өнеркәсiптiк үлгi, егер бұйымның бейнелерінде көрініс тапқан және өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілерінің тізбесінде келтірілген оның маңызды белгілерінің жиынтығы өнеркәсіптік үлгіге басымдық берілген күнге дейін әлемде жалпы жұртқа қолжетімді болған мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады. Өнеркәсіптік үлгінің жаңалығын белгілеу кезінде Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар бірдей өнеркәсіптік үлгілерге бұрын берген, кері қайтарып алынбаған өтінімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсіптік үлгілер (оларға басымдық берілген күннен бастап) ескеріледі. Өнеркәсіптік үлгі, егер оның маңызды белгілері бұйым ерекшеліктерінің шығармашылық сипатын айқындаса, бірегей деп танылады. 2. Мынадай шешiмдер:
1) бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе;
2) сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда), өнеркәсiптiк, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың;
3) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
4) сұйық, газ түрiндегi, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын тұрақсыз нысандағы объектілердiң;
5) қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн бұйымдардың шешiмдерi өнеркәсiптiк үлгiлер болып танылмайды.
Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнеркәсiптiк үлгiнiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе осы ақпаратты алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса, өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiгiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей