Ст. 122 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
122-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге баға белгілеу
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағаларды реттейді. 2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген, стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шектi бағаларды белгілейді.
3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізу кезінде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізудің белгіленген шекті бағаларынан асырмауға міндетті.
Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізушілер бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге белгіленген шекті бағалардан асырмауға міндетті.
4. Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағалар мемлекеттік реттелген жағдайда, шекті бағалар айына бір реттен асырылмай белгіленеді.
Ескерту. 122-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей