Ст. 130 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
130-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
1. Экономикалық қауіпсіздікті, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің, технологиялық процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты болып табылады. 2. Осы Кодекстің 141-бабының 6-тармағында, 143-бабының 1-тармағында, 144-3-бабының 1-тармағында және 144-4-бабының 5-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.
3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың міндеттері:
1) құқық бұзушылықтардың, зиян (нұқсан) келтірудің профилактикасын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін ынталандыру;
3) анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Ескерту. 130-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей