Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 140 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.04.2021

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
140-бап. Тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жалпы мәселелері

Ескерту. 140-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Бақылау және қадағалау органдары мынадай: 

1) мемлекеттік органның лауазымды адамының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару; 

2) профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату; 

3) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінің бірін жасау жолымен тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізеді. 

2. Бақылау және қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасы болып табылады. 

3. Осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы Кодекстің 137-бабының және осы параграфтың күші: 

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге; 

2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге, сондай-ақ өсімдіктер карантині саласында бақылау және қадағалау, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бекеттерінде ветеринариялық бақылау жүргізуге; 

3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға; 

4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау тұрғысынан көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне; 

5) "Ішкi су көлiгi туралы" және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға; 

6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына; 

7) тірі малды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда базарларында, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға; 

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында; 

9) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 

балық шаруашылығының су айдындарында – балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемі, балық аулау мөлшерлері, құрал түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, кейдейсоқ аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) жүргізілуіне; 

аңшылық шаруашылығы аумағында – жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі және түрі, олардың жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарының сақталуына; 

10) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға; 

11) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі талаптарды сақтауына; 

12) осы Кодекстің 133-бабының талаптары және iшкi iстер органдары жүргiзетiн жедел-профилактикалық iс-шаралар шеңберiнде Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына; 

12-1) Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына; 

13) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне; 

14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді бақылауға және қадағалауға; 

15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау және атқару мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуына; 

16) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімдерін, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға темекі бұйымдарын сатуды, балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді таратуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына; 

17) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

18) жол бойында жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға; 

19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға; 

20) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

21) Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына; 

22) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;  

23) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

24) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

25) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

26) қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және IІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін – атом энергиясын пайдалану саласына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды. 

Бұл ретте құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 13), 15) (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), 22) және 26) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады. 

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) (есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласында), 13), 21) және 22) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы актілер тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады. 

Бақылау және қадағалау органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерулер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған нысан бойынша ұсынады. 

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тексерулерді жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. 

5. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күші қолданылмайды. 

Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауымен реттеледі. 

6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қабылдайды. 

7. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту, тоқтата тұру мерзiмдерi, тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексi) айқындалады. 

8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылатын тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады. 

Ескерту. 140-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...138 139 140 141 142 ...324

Перейти к статье

Лучшие юристы

Елена
Арман
Жаданов Назар
Александр
Мадияр

Все юристы

Новые комментарии на сайте

если субъект воспользовавшись правом изменения тарифа на процент индексации, не информировал за 30 дней об изменении тарифа, но остальные все процедуры были соблюдены, имеет ли право монопольный орган оштрафовать субъект?


Здраствуйте. Я студентка но могу дать совет скажем. Если поломка было до того как вы купили и продавец знал это и промолчал то он обязан вам выплатить ущерб .Главное здесь выяснить проблему когда появилась если она было до того как купили вы можете потребовать деньги за ремонт


Здравствуйте, ТОО на упрощенке, без НДС.Обязаны выписывать ЭСФ?


Здравствуйте, влечет ли штраф не своевременная сдача 1услуги годовая 2021г. при удаленной работе , с какой даты должно быть исполненно сдача отчетности с даты вручения уведомления или с даты направления уведомления?


Здравствуйте, подскажите пожалуйста возможно ли сумму пени налога, перевести на основную, если истёк срок давности?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться