Ст. 153 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
153-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары қабылдайтын шаралар
Ескерту. 153-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Егер бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу фактiсi анықталатын болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) осы баптың 1-1 және 1-2-тармақтарында белгіленген ережелерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктері шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болғызбау бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiндегі шараларды қабылдауға мiндеттi.
Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты осы Кодекстің 136-бабына сәйкес жедел ден қою шараларын қабылдау кезінде қадағалау актісін ресімдейді.
1-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қабылданған кезде мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) прокурорды хабардар етеді.
1-2. Прокурормен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты мынадай:
субъектінің (объектінің не оның жекелеген учаскесінің) қызметін, әрекетті, процесті тоқтата тұру;
рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу);
рұқсатты беруден не оның қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту;
мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, квазимемлекеттік сектор ұйымының бұрын инвестордың пайдасына шығарылған шешімінің күшін жою (кері қайтарып алу);
мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның келісімшартты не келісімді біржақты тәртіппен бұзуы мәселелері бойынша тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдайды.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды прокурордың келісімінсіз қабылдауға құқылы емес.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторды прокурормен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
2. Қадағалау актісінде мыналар көрсетіледі:
1) жедел ден қою шарасының түрі;
2) актінінің жасалған күні, уақыты мен орны;
3) мемлекеттік органның атауы;
4) актіні жасайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің актіні ресімдеу кезінде болған өкілінің лауазымы;
6) жедел ден қою шарасын қолдану негізі;
7) жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде);
8) актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (күні және бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің қолтаңбасы);
9) актіні ресімдеген лауазымды адамның қолтаңбасы;
10) бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолтаңбасы.
3. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісіне мынадай тәсілдердің бірімен:
1) қолын қойғызу арқылы қолма-қол;
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына электрондық тәсілмен табыс етіледі.
Қадағалау актісіне жедел ден қою шараларының нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбалары (олар болған кезде) қоса берілуі мүмкін.
Ескерту. 153-бап жаңа редакцияда – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 WhatsApp, онлайн/офлайн, выезд в регионы, консультации
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Можете по номеру ватзапа написать, отвечу по нормативу + 777 229 6443
доброе утро. Как можно вернуть сумму страхования номад лайф . Оформиои при получение автокредитования
Добрый день.
какая нагрузка на грузчиков в производственных предприятиях установлено в ТК РК? существуют ли какие-то нормативы?
Тараз,Валерий, в п 5 ст 590 ни слова не сказано об отражающем жилете,и как это может влиять на безопасность движения, прокомментируйте пожалуста
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-ананың немесе осы мiндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты педагогтің немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге де ұйымның тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да жұмыскерінің жасаған, кәмелетке толмаған адамның *алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына* не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті деген екен сабақтан кешігіп келу себептері болса ондай жағдай қарастырырлган ба ? баска бузакылык жок болса
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей