Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 204 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
204-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатқа қоса берілетін құжаттама

1. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға ұсыну үшiн қажеттi құжаттамада: 

1) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi; 

3) бекітілген жарғы немесе оның жобасы; 

4) құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi; 

5) тікелей қайта ұйымдастырылатын нарық субъектілерінің әрқайсысы бойынша мыналар көрсетіледі: 

жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы; 

атауы, заңды және нақты мекенжайлары; 

жарғылық капитал мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi; 

акциялардың түрлерi; 

6) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; 

8) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi қамтылады. 

9) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға беру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi: 

1) мәміле жасалғанын растайтын шарттың (өзге де құжаттың) нысанасы, тараптар, мәміле жасау үшін негізгі шарттар, сондай-ақ мәміленің құны (бағасы) туралы сатып алушы немесе сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған еркін нысандағы хат түрінде ұсынылатын мәліметтер; 

2) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi және оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды және Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі: 

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы; 

атауы, заңды және нақты мекенжайлары; 

жарғылық капитал мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi; 

акциялардың түрлерi; 

өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi, сондай-ақ оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; 

3) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; 

5) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; 

6) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Осы Кодекстің 200-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты тиісті құқықтарды иемденетін тұлға осы Кодекстің 207-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін ұсына отырып береді. 

6. Алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Ескерту. 204-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...202 203 204 205 206 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Қайда шағымданасыз?

1) Мекеме басшысы мен бас есепшіге — жазбаша түрде

Негіз: 319-бап.

2) Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) шағым

Негіз: 319, 320, 683-баптар (салық агентінің міндетін орындамау).

Жаза қолданатын орган — МКБ.

3) Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (егер мекеме мемлекеттік болса)

Негіз: бухгалтерлік есеп нормаларын бұзу.

Ақпарат үшін +77082675787, +77751122089


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться