Ст. 203 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
203-бап. Өтінішхат беру тәртібі
1. Өтінішхат осы Кодекстің 204-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріле отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша жасалады. 2. Өтінішхатта көрсетілген мәліметтер және өтінішхатқа қоса берілген құжаттар анық және толық болуға, түпнұсқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған түпнұсқа көшірмелері түрінде табыс етілуге тиіс. Өтінішхатқа қол қойған адам өтінішхатта және оған қосымшаларда берілген мәліметтер мен құжаттардың анықтығын және толықтығын жазбаша растауға тиіс.
3. Жеке тұлға ұсынатын өтінішхат және оған қосымшалар жеке тұлғаның нотариат куәландырған қолтаңбасымен расталады.
4. Ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер нөмірленеді және осы Кодекстің 204-бабының тармақтары мен тармақшаларының нөмірлері көрсетіле отырып ұсынылады. Тармақ пен тармақшаның әрбір сұрағына толық жауап беріледі.
Толық ақпарат беру мүмкін болмаған жағдайда, экономикалық шоғырлануға қатысушы бағалаушы немесе болжамдық ақпаратты, оның бағалаушы немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ оның алынған көздері және пайдаланылған бағалау мен болжам жасау әдістері көрсетіледі.
5. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер "коммерциялық құпия" деген міндетті белгімен ұсынылады.
6. Өтінішхатқа мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін, сондай-ақ уақыт кезеңі көрсетіле отырып, жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін беріледі.
Жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін жасалған мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін беріледі.
Егер нарық субъектісі өтінішхат берілген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылынан аз мерзім ішінде жұмыс істеген жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісі қызметінің жүзеге асырылуы басталғаннан бергі уақыт үшін беріледі.
7. Нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) Қазақстан Республикасында тауарлар өндіру, өткізу көлемдері, тауарлар экспорты мен импортының көлемдері туралы мәліметтері өтінішхат берілген жылдың алдындағы екі қаржы жылы үшін, жыл басынан бастап ағымдағы кезең үшін беріледі, сондай-ақ ағымдағы кезеңнен кейінгі үш жылға арналған болжам беріледі.
Егер нарық субъектісі өтінішхат берілген кезге қарай қызметін екі жылдан аз уақыт жүзеге асырған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісі қызметінің жүзеге асырылуы басталғаннан бергі уақыт үшін беріледі.
8. Егер монополияға қарсы органның шешімі үшінші тұлғалардың осы Кодекспен қорғалатын құқықтарын елеулі түрде қозғауы мүмкін болса, олар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауға қатысуға құқылы.
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауға қатысуға үшінші тұлғаларды тарту мәселесін монополияға қарсы орган шешеді, бұл туралы өтінішхат берген тұлға хабардар етіледі.
Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Здравствуйте, каков порядок реорганизации школ в РК? Как происходит процедура реорганизации? Где можно ознакомится с порядком и правилами осуществления реорганизации основной школы в начальную?
добрый день по вашему вопросу по применению 190 УК РК не возможно
Добрый день надо ознакомится с документами
Здравствуйте, Всё началось в сентябре месяце 2022 года. Мошенники завладели моим имуществом машиной Субару Форестер и квартирой. Заведено уголовное дело № 227580031000990 по ч. 3 ст. 190 УК РК (мошенничество). Можно ли признать сделки не действительными? Меня выселяют из квартиры. А это моё единственное жильё. Я пенсионерка, мне 66 лет. Прошу вас о помощи. Что нужно дела? Дело находиться в Департаменте Полиции. Мошенники задержаны. Как то так.
Здравствуйте, подруга часто просила деньги в долг я ей занимала , всегда возвращала вовремя . В один день попросила взять кредит для нее , я взяла уже год данный человек не платит кредит . В суд писала дали исполнительный лист , имущества на данном человеке не зарегистрировано. В рувд сказали написать в Министерство юстиции по бездействию судебного исполнителя . Суд же принял заявление и решение было в мою пользу , но Элянур не платила кредит , после чего мне дали исполнительный лист для обращения в рувд . Как мне применить статью 190 РК у данному человеку ?! Помогите решить вопрос
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей