Ст. 207 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
207-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама
1. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) монополияға қарсы органға жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) мәміле жасалғанын растайтын шарттың (өзге де құжаттың) нысанасы, тараптар, мәміле жасау үшін негізгі шарттар, сондай-ақ мәміленің құны (бағасы) туралы сатып алушы немесе сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған еркін нысандағы хат түрінде ұсынылатын мәліметтер;
2) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi және оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды және Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын, нарық субъектiсi және оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) монополияға қарсы органға жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы болжанатын жеке тұлға туралы мәлiметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
өкiлеттiктерi көрсетіле отырып, хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын заңды тұлғалар тiзбесi;
2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындайтын әрбір нарық субъектісі бойынша айрықша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi, сондай-ақ осындай нарық субъектісінің тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi (субъектілері) өндіретін, өткізетін, экспорттайтын және Қазақстан Республикасына импорттайтын сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.
3. Монополияға қарсы органға осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі:
1) мәміле жасалғанын растайтын шарттың (өзге де құжаттың) нысанасы, тараптар, мәміле жасау үшін негізгі шарттар, сондай-ақ мәміленің құны (бағасы) туралы сатып алушы немесе сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған еркін нысандағы хат түрінде ұсынылатын мәліметтер;
2) өзіне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектісі шығару үшін сатып алынатын мүлікті пайдаланған тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды және Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын сатып алушы бойынша және сатып алушымен бір тұлғалар тобына кіретін әрбір нарық субъектісі бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері мен заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акцияларының түрлерi;
сатып алынатын мүлік пайдаланыла отырып өндірілетін сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіру және өткізу, экспорттау және Қазақстан Республикасына импорттау көлемі;
3) баланстық құнын көрсете отырып, мәміле нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;
4) тауар түрлерiн көрсете отырып, алынатын мүлiктің қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер.
Ескерту. 207-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей