Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 295 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.10.2026

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
295-бап. Инвестициялық келісімшартты бұзу жағдайлары

1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен соң тоқтатылады не осы бапта белгіленген тәртіппен осындай мерзім өткенге дейін тоқтатылуы мүмкін. 

2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы: 

1) тараптардың келісуі бойынша; 

2) біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 

3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезде және келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестор инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылу мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң біржақты тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатады. 

Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың салдарынан бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждардың сомаларын төлейді.  

4. Инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келісімшарт біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде аталған заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді. 

5. Инвестициялық келісімшарт тараптардың келісуі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді. 

6. Инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өзіне мемлекеттік заттай грант ретінде берілген мүлікті заттай не инвестициялық келісімшарттың талаптарына сәйкес оның берілген күнгі бастапқы құнын қайтарады. 

6-1. Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық келісімшарт бойынша төленген инвестициялық субсидияның сомасын толық көлемде өтейді. 

7. Мемлекеттік заттай грантты қайтаруды инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады. 

Ескерту. 295-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...293 294 295 295‑1 295‑2 ...324

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться