Ст. 295-2 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
295-2-бап. Инвестициялар туралы келісім
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген тұлға мен заңды тұлға, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркелген заңды тұлға арасында жасалатын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жеті жарым миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт инвестициялар туралы келісім болып табылады. Инвестициялар туралы келісімде инвестициялар туралы келісім жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген преференциялар мен жеңілдіктер беру шарттары мен тәртібі айқындалады, сондай-ақ инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін қарсы міндеттемелер белгіленеді.
Инвестициялар туралы келісімдер мынадай қызмет түрлеріндегі жобаларды іске асыру үшін жасалмайды:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет;
2) акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу;
3) лотерея өткізу;
4) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
5) радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет;
6) банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
7) аудиторлық қызмет;
8) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызмет;
9) цифрлық майнинг саласындағы қызмет;
10) кредиттік бюролардың қызметі;
11) күзет қызметі;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет;
13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет, оның ішінде кен іздеушілердің қызметі;
14) пайдалы қазбаларды өткізу, оның ішінде трейдерлердің қызметі, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызмет.
2. Инвестициялар туралы келісімнің мерзімі, оны өзгертудің және бұзудың тәртібі мен шарттары инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекіткен инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларында белгіленген.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын ережелерді, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша инвестициялар туралы келісімге өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда инвестициялар туралы келісімнің ережелері жасалған күнінен бастап жиырма бес жыл бойы өз күшін сақтайды.
Ескерту. 295-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
295-3-бапты алып тастау көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Пробация туралы 10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Уголовно-процессуальный кодекс РК Статья 425. Сроки рассмотрения дела в апелляционной инстанции Халықтың көшi-қоны туралы 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 229-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің нұсқамаларын тексеру ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 286-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей