Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.09.2023

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
36-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеу тәртібі

1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы не өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады. 

Бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеген жағдайда, бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады. 

Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса берiледi. 

Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. 

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдар хабарлама беруге құқылы емес. 

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар хабарламаларды ұсынатын жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап мемлекеттік кіріс органы бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. 

4. Хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) мұндай өзгерiстер туралы мемлекеттік кірістер органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi. 

5. Хабарлама "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда ұсынылады. 

Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуй!

Объекты ГПМ, Котельный, Сосуды подлежит декларированию? Объекты находятся на промбазе и общежитье


Нотариус является плательщиком НДС, обязан ли выписывать ЭСФ?


Добрый день, какой срок исковой давности при проверке антимонопольного коммитета? Нам пришло постановление на ИП с 2018 г., она на упрощенке и бухучет не велся, многие документы потеряны. как быть?


Здравствуйте. В статье 135. «Вахтовый метод работы» ТК РК сказано, что вахтой считается период, включающий время выполнения работ на объекте и время междусменного отдыха.

В пункте 1 статьи 208 написано, что работник при донации крови в рабочие дни освобождается от работы с сохранением средней заработной платы, а в 3-ем пункте этой же статьи говориться, что , если по соглашению с работодателем работник, являющийся донором, в дни донации крови и (или) ее компонентов приступил к работе, ему предоставляется по его желанию другой день отдыха с сохранением за ним средней заработной платы либо этот день может быть присоединен к ежегодному трудовому отпуску.

Значит ли это что вслучае донации в период междусменного отдыха работник в праве получить второй оплачиваемый день отпуска, помимо дня оговоренного в пункте 2 статьи 208.


сігу керек


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться