Ст. 82 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
82-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді, реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Егер мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуді, реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған болса, мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс. Кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту реттеуді қатаңдату болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату, халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаппай қатер төндіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, реттеушілік әсерге талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің нақ сол саласындағы екі талаптың күшін жоюды көздеуге тиіс.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті құқықтық қатынастарды реттеу алғаш рет енгізілетін жағдайларға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеушілік құралдарды және (немесе) талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары реттеушілік әсерін талдауға жатады.
Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал және (немесе) талаптар енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін және (немесе) реттеу қатаңдатылғанға дейін және қатаңдатылғаннан кейін реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талап:
1) авариялардың, дүлей зілзалалардың және өзге де төтенше жағдайлардың салдарларын еңсеру жөніндегі мәселелерді реттеуге;
2) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын реттеуге;
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды енгізуге;
4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы сауда саясаты жөніндегі консультативтік-кеңесші органның шешімі негізінде ішкі нарықта елеулі маңызды тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлік тауарларының немесе өзге де тауарлардың аса жетіспеушілігін болғызбау не азайту және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салулар мен сандық шектеулер және кедендік-тарифтік реттеу шараларын енгізуге;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына;
6) адамдардың инфекциялық және паразиттік аурулары мен жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып карантиндік аймақты, сондай-ақ карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдауға;
7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға, сондай-ақ экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді реттеуге;
8) қарсы барлау және барлау қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;
9) жедел-іздестіру қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге;
10) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүргізу мәселелерін реттеуге;
11) соғыс жағдайын енгізуге және қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуге;
12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелерді реттеуге қолданылмайды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарау процесіне де қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде, осы бапта белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі мүмкін.
4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу, реттеуді қатаңдату кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында құрылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі функциялары:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау;
2) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қарау және мақұлдау;
3) сараптама топтарының ұсынымдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының өкілдерін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына шақыруға және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;
4) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
5) сараптама топтарын құруға, олар туралы ережені бекітуге және осындай сараптама топтарын қалыптастыру мен олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге құқығы бар.
Осы тармақтың талаптары, Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу, реттеуді қатаңдату жағдайларын қоспағанда, өңірлік маңызы бар актілердің жобаларына, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Өңірлік маңызы бар актілер деп Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер түсініледі.
5. Әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылықты енгізу немесе кәсіпкерлік субъектілерінің бұрыннан бар әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауаптылығын қатаңдату жағына қарай қайта қарау реттеушілік әсерді талдаудан басқа, мыналарды:
1) заңдық жауаптылық шараларының жазалау сипатына жол бермеуді;
2) сол бір құқық бұзушылық үшін заңдық жауаптылықтың бірнеше түрі енгізілген жағдайда, заңдық жауаптылық мөлшерінің қисынды арақатынасын;
3) бұзылуы реттеушілік әсерді талдау шеңберінде заңдық жауаптылыққа алып келетін талаптарды нақтылауды көздеуге тиіс.
Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 151-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезіндегі шектеулер ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 86-бап. Реттеуші мемлекеттік органдар және олардың кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 52-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 9-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 22-бап. Өзін-өзі реттеуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей