Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 83 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
83-бап. Реттеушілік әсерді талдау

1. Кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың, реттеуді қатаңдатудың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау болып табылады. 

Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды пайдалану, реттеуді қатаңдату бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты болып табылады. 

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптардың, реттеуді қатаңдатудың бәсекелес ортаның жай-күйіне әсерін бағалау жүргізіледі. 

Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді. 

2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал және (немесе) талап енгізілгенге, реттеу қатаңдатылғанға дейін, сондай-ақ қолданыстағы реттеушілік актілер бойынша жүргізіледі. 

Қолданыстағы реттеушілік актілерді талдау кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімінде белгіленген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 83-1-бабының қолданыстағы реттеушілік актілерді қайта қарау бөлігіндегі ережелерін орындамауы туралы ақпарат кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады. 

2-1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ұсыныстарын қарау қорытындылары бойынша енгізілген кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдың және (немесе) талаптың, реттеуді қатаңдатудың күші жойылуы немесе олар қайта қаралуы мүмкін. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдар осы бапқа сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс. 

3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін. 

Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуға жатады. 

4. Реттеушілік әсерді талдауды мемлекеттік органдар осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді. 

Бұл ретте соларға қатысты реттеушілік әсерді талдауды олардың әзірлеушілері жүргізетін өңірлік маңызы бар актілерді қоспағанда, реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар жүргізеді. 

5. Реттеушілік әсерге талдау жүргізу жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізудің, реттеуді қатаңдатудың міндетті шарты болып табылады. 

6. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган: 

1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдардың, Ұлттық палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді; 

2) реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді; 

3) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттың, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі жобасының, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаты жобасының немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжат жобасының осы Кодекстің 9, 11, 80, 81-1 және 82-баптарының талаптарына сәйкестігін растауды қамтамасыз етеді. 

7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы: 

1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді; 

2) реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді. 

Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның қарауына шығарылады, олардың мақұлдануы жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізудің, реттеуді қатаңдатудың міндетті шарты болып табылады. 

8. Реттеушілік әсерді талдаудың және реттеушілік әсерге баламалы талдаудың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады. 

Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (01.05.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...81‑1 82 83 83‑1 84 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться