Ст. 103 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
103-бап. Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға: 1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) персоналды кәсіптік оқыту жүйесін дамыту;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы кадрлар даярлау;
4) құрылымдық өзгерістер барысында білікті жұмыскерлердің кадрлық әлеуетін сақтау және ұтымды пайдалану;
5) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсыну;
6) жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген, оның ішінде мансап орталықтары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жіберген адамдарды бар бос орындарға ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес қабылдау;
7) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру;
8) мансап орталықтарына (еңбек мобильділігі орталығына) және (немесе) Электрондық еңбек биржасына сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындарды және жұмыс орындарының болжамды құрылуы туралы деректерді беру;
9) жұмыс орындарын құру жолымен қатысады.
2. Жұмыс беруші:
1) мемлекеттік қызметшілердің, сайланбалы мемлекеттік лауазымдардың, Қазақстан Республикасы Құрылтайы және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының, әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос орындар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді Электрондық еңбек биржасына еңбек жағдайлары мен төлемін көрсете отырып орналастыруға;
2) мансап орталығына (еңбек мобильділігі орталығына) жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің жұмыстан босатылатыны туралы, босатылу қатысты болуы ықтимал жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы ақпаратты жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олар босатылатын мерзімдерді көрсете отырып, босату басталғанға дейін бір айдан аз уақыт бұрын жазбаша немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы толық көлемде беруге;
3) жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыссыз адам оқуын аяқтағаннан кейін оны өз өтінімі бойынша мәлімделген жұмыс орнына орналастыруға немесе мансап орталығының (еңбек мобильділігі орталығының) оқытуға жұмсаған шығыстарын өтеуге;
4) жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларды қоспағанда, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаны орындауға міндетті.
Жұмыс беруші белгіленген квотаны орындаған кезде жұмыс орнын бейімдеу, еңбек жағдайларын өзгерту, жекелеген еңбек функцияларын қайта бөлу жөніндегі шараларды және мүгедектігі бар адамға еңбек міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін өзге де шараларды қамтамасыз етеді;
5) жұмысқа қабылдау үшін бос орындар туралы ақпаратта еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;
6) осы Кодекске сәйкес зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды жүргізуге;
7) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға (төлеуге) міндетті.
3. Жұмыс берушінің:
1) өзіне тікелей жүгінген адамдарды мансап орталықтары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жіберген адамдармен теңдей жағдайда жұмысқа қабылдауға;
2) еңбек нарығының жай-күйі туралы ақпаратты өтеусіз негізде алуға;
3) мансап орталықтарынан жұмыссыздарды іріктеу және жұмысқа орналасуға жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға;
4) уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуға;
5) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруға субсидия алуға құқығы бар.
Ескерту. 103-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2026 № 334-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-параграф. Консультация және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Әлеуметтік Кодексі 105-бап. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау ҚР Әлеуметтік Кодексі 106-бап. Еңбек делдалдығын көрсету ҚР Әлеуметтік Кодексі 101-бап. Лайықты жұмыс ҚР Әлеуметтік Кодексі 101-1-бап. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру ҚР Әлеуметтік Кодексі 109-бап. Кәсіптік оқытуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей