Ст. 118 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
118-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындаудың шарты мен мөлшері
1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен бастап:
ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы бір айға;
ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы екі айға;
ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы үш айға;
ол үшін отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы төрт айға;
ол үшін қырық сегіз айдан алпыс айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы бес айға;
ол үшін алпыс және одан да көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы алты айға, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған мерзімнен асырылмай тағайындалады.
2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін тиісті кірісті алмастыру және қатысу өтілі коэффициенттеріне көбейту жолымен айқындалады және Қордың активтері есебінен төленеді.
3. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс төлеуші беретін кірістер туралы анықтаманың негізінде орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.
Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңдері орташа айлық кіріс мөлшерінің есебінен алып тасталады және орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.
Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.
Кірісті ауыстыру коэффициенті 0,45-ті құрайды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін қатысу өтілінің коэффициенті:
алты айдан он екі айға дейін – 0,7-ні;
он екі айдан жиырма төрт айға дейін – 0,75-ті;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін – 0,85-ті;
отыз алтыдан қырық сегіз айға дейін – 0,9-ды;
қырық сегіз айдан алпыс айға дейін – 0,95-ті;
алпыс айдан жетпіс екі айға дейін – 1,0-ді құрайды;
алпыс және одан да көп айдан бастап – 1,0-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылады, бірақ 1,3-тен аспайды.
Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуір – 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салынуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есепке алынады.
4. Егер төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімдерде және жағдайларда қайтаруды жүзеге асырмаған болса, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары есепке алынбайды.
5. Бұдан кейінгі жүгіну кезінде жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бұрын алынған жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен он екі ай шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады.
6. Сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде ескерілген кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін кейінгі жүгінуі кезінде есепке алынбайды.
Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 104-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей