Ст. 139 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
139-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге жүгіну
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) тұрғылықты жері бойынша Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға келісетіні туралы хабарлама жіберіледі. Проактивті қызмет арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды ресімдеуге жүгінген күн осы қызметті көрсетуге құжаттарды ресімдеуге келісім алған күн болып саналады.
2. Баспанасыздық (тұрғылықты жері анықталмаған адамға), әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тұрғылықты жеріне қарамастан ұсынылады.
3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) мүддесі үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету туралы өтінішті адамның (отбасының) өз бетінше бере алмау себебін көрсете отырып:
1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі;
2) қамқоршысы (қорғаншысы);
3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхаты бар адам;
5) мынадай:
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъект;
6) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған ұйым жүгіне алады.
Ескерту. 139-бапқа өзгеріс енгізілді – осы Кодекстің 263-бабынан қараңыз (01.01.2025 бастап қолданыста енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Әлеуметтік Кодексі 195-4-бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан және оны тағайындаудан бас тарту Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы ҚР Әлеуметтік Кодексі 81-бап. Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алу құқығы ҚР Әлеуметтік Кодексі 126-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау ҚР Әлеуметтік Кодексі 137-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей