Ст. 142 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
142-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілерді қаржыландыру
1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;
2) кепілдік берілген көлемнен тыс арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынудан алынған қаражат;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақ 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Кодекстің 263-бабын қараңыз.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілерді қаржыландыру уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтер белгілеу қағидалары мен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну тарифтерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
4-параграф. Ұлттық алдын алу тетігі
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей