Ст. 160 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
160-бап. Медициналық оңалту (абилитациялау)
1. Медициналық оңалтуды (абилитациялауды) медициналық жұмыскерлер клиникалық хаттамаларға, медициналық көмек көрсету стандарттары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Медициналық абилитация туа біткен функционалдық шектеулері бар балалар үш жасқа толғанға дейін жүргізіледі.
2. Медициналық ұйым медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін, оңалтуды (абилитациялауды) жүргізу түрлері мен мерзімін көрсете отырып, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың (абилитациялаудың) жеке бағдарламасының медициналық бөлігін әзірлейді, оны орындауды жүзеге асырады.
3. Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Кодекстің 169-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емделуге шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші өтейді.
5. Жұмыс берушіге қатысты оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі.
6. Жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Рекомендованные страницы
ҚР Әлеуметтік Кодексі 158-бап. Мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары ҚР Әлеуметтік Кодексі 162-бап. Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру ҚР Әлеуметтік Кодексі 157-бап. Жеке бағдарлама ҚР Әлеуметтік Кодексі 164-бап. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну Концессиялар туралы 27-бап. Дауларды шешуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей