Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
17-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті

1. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін: 

1) уәкілетті мемлекеттік органмен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы, әлеуметтік және өзге де төлемдерді тағайындауға, тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарауға, тоқтата тұруға, тоқтатуға, қайта бастауға және қайта есептеуге, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін аударуға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға, зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін, жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді аударуға немесе қайтаруға арналған құжаттарды қабылдау, істер макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды; 

2) автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорды толықтыру мен жаңартуды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы әлеуметтік төлемдерді және өзге де төлемдерді алушылардың дербестендірілген есебін; 

3) әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру салаларындағы ақпараттық жүйелердің деректерін толықтыру мен жаңартуды;  

4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың деректерін толықтыру мен жаңартуды; 

5) міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүзеге асыруды; 

6) зейнетақы төлемдерінің, жәрдемақылардың, біржолғы және өзге де төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, оларды төлеуді жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және уәкілетті мемлекеттік органға бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінім жіберуді; 

7) әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін және оны жүзеге асыру графигін қалыптастыруды, Қорға қаражат қажеттілігі туралы өтінім жіберуді;  

8) атаулы әлеуметтік көмектің, өзге де төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, оларды жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және уәкілетті мемлекеттік органға бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінім жіберуді; 

9) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) олар жөніндегі өсімпұлдың сомалары бойынша агенттердің төлем құжаттарының тізілімдерін қалыптастыруды және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынуды;  

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; 

11) Қордың қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды; 

12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан төленетін зейнетақы төлемдерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; 

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де төлемдерді төлеуді жүзеге асыруды; 

14) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға қосымша белгіленген, бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды; 

15) зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасауды; 

16) зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару, тоқтату мәселелері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасауды; 

17) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманың мөлшерін айқындауды; 

18) агенттерден түсетін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды; 

19) Қордың қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;  

20) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға және оның ведомстволарына беруді;  

21) деректемелерінде қате жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтаруды;  

22) агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан оның өтініші бойынша міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды; 

22-1) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және жағдайларда, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлуді және Қорға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрған жері бойынша тиісті бюджетке аударуды; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

22-2) тармақшаның 01.01.2026 бастап қолданыста енгізілетін редакциясын осы Кодекстің 263-бабынан қараңыз.

22-2) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және жағдайларда, әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қате (артық) төленген сомаларын осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторына қайтаруды жүзеге асыруды; 

23) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - осы Кодекстің 263-бабымен.

24) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - осы Кодекстің 263-бабымен.

25) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - осы Кодекстің 263-бабымен.

26) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - осы Кодекстің 263-бабымен.

27) зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметінің түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсынуды;  

28) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды; 

29) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды аударуды, олардан ұсталған әлеуметтік төлемдер мен міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын олар Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, Қорға қайтаруды; 

30) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін төленген әлеуметтік аударымдардың сомасын төлеушіге қайтаруды; 

31) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда Қор қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз етуді; 

32) мемлекеттік кіріс органына төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды; 

33) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге – әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемнің сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат беруді; 

34) уәкілетті мемлекеттік органға статистикалық және өзге есептік ақпаратты беруді жүзеге асырады; 

35) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2. Мемлекеттік корпорация:  

әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды;  

әлеуметтік аударымдардың және олар бойынша өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды; 

әлеуметтік төлемдерді және олардан ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарын; 

әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды есепке алу және аудару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады. 

2-1. Мемлекеттік корпорация зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін есепке алу және аудару мәселелері бойынша сақтандыру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады. 

3. Мемлекеттік корпорацияның осы Кодексте көзделген қызметтерді көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатын алуға құқығы бар. 

Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді. 

4. Мемлекеттік корпорация: 

1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, әлеуметтік және өзге де төлемдерді тағайындауға, тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға, тоқтатуға қажетті құжаттарды қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, тағайындауға арналған іс макеттерін қалыптастыруға және оларды уәкілетті мемлекеттік органға, Қорға беруге; 

2) алушыны әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару қажеттігі туралы хабардар етуге; 

3) жүгінген адамдарға қызмет көрсетудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге; 

4) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, әлеуметтік және өзге де төлемдерді алушыларға уақтылы және толық аударуды қамтамасыз етуге; 

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа да, әлеуметтік аударымдардың, әлеуметтік төлемдердің жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемнің, зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге; 

6) Қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға; 

7) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беруге; 

8) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге; 

9) әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған электрондық іс макетін қалыптастыру кезінде сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған, бұрын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде ескерілген кезең үшін төленген кірістен түскен әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алмауға міндетті. 

Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 104-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться