Ст. 172 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
172-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қабылдаудан және тағайындаудан бас тарту
1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға: 1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау, жүзеге асыру, оларды тағайындау үшін проактивті көрсетілетін қызмет арқылы өтініш беру немесе келісу фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басты куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
4) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау құқығының болмауы;
5) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш беруші келісімінің болмауы негіз болып табылады.
2. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартуға:
1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Қор сұратқан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттың және (немесе) мәліметтердің ұсынылмауы;
4) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшерінің теріс мәні негіз болып табылады.
3. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:
1) күтім жасайтын адамның кәмелетке толмауы;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша күтім жасайтын адамның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;
3) күтім жасайтын адамды психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепке қою;
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде болуын қоспағанда, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы;
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның және оған күтім жасайтын адамның әртүрлі елді мекендерде тұруы негіз болып табылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей