Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 227 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Әлеуметтік Кодексі
227-бап. Зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері

1. Сақтанушының: 

1) сақтандыру ұйымы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есептерімен танысуға; 

2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға;  

3) егер зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін жеткіліксіз болса, меншікті қаражатын тартуға; 

4) сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүргізу үшін тәуелсіз актуарийлерді тартуға; 

5) зейнетақы аннуитеті шартының көшірмесін алуға құқығы бар. 

2. Сақтанушы (сақтанушылар) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысының жеткіліксіз бөлігін төлеу үшін өз қаражатын тартуы кезінде өз қаражатын бір рет толық көлемде енгізуге міндетті. 

3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының сомасын бір рет және толық көлемде алады.  

4. Сақтандыру ұйымы:  

1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есептерімен таныстыруға;  

2) зейнетақы аннуитеті шартын осы Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге; 

3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімде сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен жасалған шарттар бойынша деректер алмасуды жүзеге асыруға; 

4) сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жаңа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы мәліметтер алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алу сомасын жаңа сақтандыру ұйымына аударуға;  

5) зейнетақы аннуитеті шартында көзделген, сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде құқықтары бұзылған сақтанушыға немесе сақтандырылушыға өткен әрбір күн үшін төленбеген соманың 1,5 пайызы мөлшерінде, бірақ төленбеген соманың 50 пайызынан аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуге;  

6) осы Кодекстің 226-бабының 13-тармағында көзделген өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қайтаруға жататын ақша сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті. 

Ескерту. 227-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.06.2026 № 321-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...225 226 227 228 229 ...263

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться