Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 245 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 26.05.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
245-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі

1. Әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерлер мен осы Кодекстің 243-бабының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төлейтін шығыстары әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. 

Жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы енгізіледі.  

Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 

Егер бір төлеушіден күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі, төленеді.  

2. Осы Кодекстің 243-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі мыналар: 

өзі және шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелері үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерін қоспағанда, өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін айқындалатын кіріске тең, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын алатын кірісінің сомасы болып табылады. 

Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 

Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, онда олар өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен әлеуметтік аударымдарды төлейді; 

жалдамалы жұмыскерлер үшін – осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төленетін шығыстар болып табылады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады – осы Кодекстің 262-бабын қараңыз.

3. Осы Кодекстің 243-бабының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, нысаналы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша алынатын кіріс сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. 

4. 01.01.2024 дейін қолданыста болды - осы Кодекстің 263-бабымен.

5. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-2-бабында айқындалған қызметкердің кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады.  

Бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі. 

Бұл ретте бірыңғай төлемнен әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 

6. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар және өзге де заңды тұлғалар осы Кодекстің 243-бабының 6) тармақшасында көрсетілген адамдарға төлейтін материалдық пайда олар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. 

7. Қорға әлеуметтік аударымдар: 

1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында және 31) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында белгіленген; 

2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында белгіленген; 

3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді.  

Осы тармақтың қолданысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін жұмыскерлердің кірісіне қолданылмайды.

Статья 1 ...243 244 245 246 247 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Подскажите, закон #414 от 13 июля 1999 года у вас на сайте отмечено вчера проверен работает. А мужу сказали никто ничего не знает, только по новому закону назначают пособие. Куда можно обратиться по этому поводу?


Сәлеметсіз бе,32 жастагы ер адам әскери борышын орындап келген болсада қайтадан военкоматқа шақырып жатыр,ол кісі вахтовый методпен жұмыста жүр,қаншалықты занды


Сәлеметсіз бе! Жылжымайтын мүлік саттым(бутик), жарты ақшасын алдым қол хат жазып(нотариуссыз), жарты ақшасын 1айдан соң берем деп бермей қойды. 8 ай болды енді үстімнен арыз жазып ақшамды қайтар деп отыр.


Сәлеметсіз бе! Жылжымайтын мүлік саттым(бутик), жарты ақшасын алдым қол хат жазып(нотариуссыз), жарты ақшасын 1айдан соң берем деп бермей қойды. 8 ай болды енді үстімнен арыз жазып ақшамды қайтар деп отыр. Және ұрлықшы деп жала жапты. Көмектесіңізші қандай құқықтар бар?


Здравствуйте,имеет ли продавец на рынке "Головными уборами"кричат громко вот так-очки, бейсболки чтобы продать свою товар?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться