Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 259 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Әлеуметтік Кодексі
259-бап. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары, мемлекеттік еңбек инспекторлары, уәкілетті органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.  

2. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларына: 

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы – уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы; 

2) мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторлары – уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;  

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы – уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды адам; 

4) мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары – уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды адамдар жатады. 

3. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес берілген бақылау функцияларын іске асырады. 

4. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторына қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

5. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының нұсқамаларын бақылау субъектілері орындауға міндетті.
Статья 1 ...257 258 259 260 261 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться